Бұрындары Балқаш тұрғындары Алматыға жету үшін алдымен Сарышаған станциясына барып, кейін Алматыға дейін пойызбен жүретін.
Жаңа бағыт осы қолайсыздықты жойып, тікелей теміржол қатынасын қамтамасыз ететін болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл Балқаш – Мойынты учаскесінде екінші жол құрылысының арқасында мүмкін болды, бұл желінің өткізу қабілетін айтарлықтай арттырады.
Жоба Достық – Мойынты бағытындағы теміржол қатынасын дамыту жөніндегі ірі инфрақұрылымдық бастаманың бір бөлігі болып табылады.
Көлік қатынасының қолайлылығы мәселесі Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Балқашта өткен отырыстарында бірнеше рет көтеріліп, туризмді дамыту жөніндегі кеңесте қаралды. Осы сала өкілдерінің пікірінше, бұл бастаманың жалпы өңір экономикасының дамуы үшін маңызы зор.
– Көліктік логистиканы жақсарту туризмді дамытуда және өңір тұрғындары мен қонақтары үшін қызмет көрсету сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Өңірлер мен қалалар арасындағы байланыстарды нығайта отырып, жұмыстың көптеген бағыттары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, – дейді "WORLD SERVICE GROUP" ЖШС коммерциялық директоры Александр Кулинич.