1 наурыздан бастап Ресейге жаңа қосылған аймақтарда зейнетақы ресейлік жүйе бойынша беріледі

432

Ресей Федерациясының Үкіметі жаңа аймақтарда зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң жобасын дайындады. 

1 наурыздан бастап Ресейге жаңа қосылған аймақтарда зейнетақы ресейлік жүйе бойынша беріледі Фото: cdni-vm.servicecdn.ru

Премьер-министр Михаил Мишустин Министрлер кабинетінің отырысында тиісті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Үкіметтің шешімімен 2023 жылғы 1 наурыздан бастап ЛХР, ДХР, Запорожье мен Херсон облыстарының тұрғындары үшін зейнетақы Ресей нормаларына сәйкес өтініштер бойынша тағайындалады.

Өз жалақысы мен еңбек өтілін жұмыс берушілерден немесе мемлекеттік және муниципалдық органдардан құжаттарды ұсыну арқылы растай алмайтындар үшін Премьер арнайы құрылған Ведомствоаралық комиссиялар жұмыс істейтінін түсіндірді.

Бұл комиссиялар тұрғындардың құқықтарының қорғалуын қадағалайды. Бүкіл елдегідей, Жаңа аймақтар аумағындағы зейнетақылар мен оларға үстемеақылар индекстелетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу