1 наурыздан бастап "салық төлеушінің төлқұжаты" енгізіледі

1876

Құжатты қоғамдық тамақтандыру және сауда кәсіпорындары көрнекті жерге қоюы керек.

1 наурыздан бастап "салық төлеушінің төлқұжаты" енгізіледі

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылдың 1 наурызынан бастап Салық кодексіне "салық төлеушінің төлқұжаты" ұғымы енгізілгенін хабарлайды. Бұл кәсіпкерлік субъектісінің ақпараттық картасы, ол салық құпиясы болып табылмайды және штрих-код (QR код) арқылы алынады. Кодты мемлекеттік кірістер органы береді, деп жазды inbusiness.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салық төлеушiнiң төлқұжатын қоғамдық тамақтандыру және сауда кәсiпорындары бақылау-касса машиналарының жанында орналастырулары керек. Бұл халықты хабардар ету үшiн жалпыға қолжетiмдi болуға тиiс.

Паспортта қандай ақпарат болуы шарт?
- ЖСН/БСН;
- салық төлеушінің атауы;
- жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға басшысының толық атауы;
- салық төлеуші мәртебесі;
- тіркеу күні;
- ҚКМ тіркеу нөмірі;
- алкоголь өніміне лицензиялардың болуы.

"Тұжырымдама салық органдары қалыптастыратын салық төлеушінің оның салық міндеттемелерін орындауы туралы деректеріне ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету және халықты (сатып алушыларды, қызметтерді пайдаланушыларды) және контрагенттерді хабардар ету мақсатында енгізілген. Салық төлеушінің төлқұжатын салық органы айына бір рет есепті айдан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей жаңартып отырады", – деп түсіндірді департаментте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу