1 наурыздан бастап темекі қымбаттайды

2378

2022 жылғы 30 маусымға дейін елде бір қорап темекінің ең төменгі бағасы 550 теңге болады.

1 наурыздан бастап темекі қымбаттайды

Биыл 1 наурыздан бастап Қазақстанда темекі бағасы өседі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың бұйрығымен фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленді:

2022 жылғы 1 наурыздан бастап 2022 жылғы 30 маусымға дейін бір қорап темекі 550 теңге тұрады;
2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін бір қорап темекі –  570 теңге;
2023 жылғы 1 қаңтарда – 600 теңге.

Бұйрық 2022 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу