1 сәуірде арнайы жүйеде тіркелмеген аяқ киімді сатуға рұқсат етілген кезең аяқталады

531

Кәсіпкерлердің өтініші бойынша бұл мерзім 2022 жылдың 1 сәуірінен 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылған болатын.  

1 сәуірде арнайы жүйеде тіркелмеген аяқ киімді сатуға рұқсат етілген кезең аяқталады Фото: pexels.com

Таңбалау және қадағалау ережесіне сәйкес, 1 сәуірден бастап тауарды кәсіпорындарға таңбаланбаған аяқ киім қалдықтарын сатуға құқығы жоқ, деп жазады inbusiness.kz ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сүйенсек, елімізде аяқ киімнің көлеңкелі айналымының үлесі – 48 пайыз.

"Яғни әрбір екінші аяқ киім елге заңсыз әкелінеді. Олардың үлкен ағыны Қытайдан келеді. Егер кедендік статистикаға сүйенер болсақ, деректердегі сәйкессіздіктер толық көріністі көрсетеді. 2021 жылы Қытай кеден қызметі Қазақстан Республикасына экспортты отандық деректерден 2 еседен астам сомаға тіркеді, бұл шамамен $780 млн құрайды. Бұл сандар аяқ киім өнімдерінің айналымындағы көлеңкелі экономиканың көлемін көрсетеді", - делінген хабарламада.

2021 жылдың 1 қарашасында Үкімет қаулысымен аяқ киім өнімдерін міндетті түрде таңбалау және қадағалау енгізілді. 1 наурыздағы жағдай бойынша 1,5 жыл ішінде тауар айналымына 2,8 мыңнан астам қатысушы (115 өндіруші, 774 импорттаушы, 1602 бөлшек сауда, 341 көтерме сауда өкілдері), өнім каталогында 1 226 725-тен астам өнім картасы тіркелген.

Ақпаратқа сәйкес, ҚР заңнамасында аяқ киім өнімдерін таңбалау және қадағалау ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар қарастырылмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу