1 сәуірден бастап Алматыда жылу бағасы көтеріледі

407

"Алматы жылу желілері" компаниясы жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау тарифін орта есеппен 6%-ға өсіреді.  

1 сәуірден бастап Алматыда жылу бағасы көтеріледі Фото: gov.kz

Қосымша құн салығын бірге жаңа тариф 5237,365 теңге/Гкал болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты компанияға сілтеме жасап.

Жеке тұлғалар үшін тариф 9,8%-ға өседі (көрсетілген сомалар 16% ҚҚС-сыз берілген): 

  • Үйде ортақ есептеуіш құралдары жоқ тұрғындар үшін тариф 9004,01 теңгеден 9888,30 теңгеге дейін көтеріледі;
  • Ортақ есептеуіш құралдары бар үйлердегі жеке тұлғалар үшін 7364,88 теңгеден 8088,18 теңгеге дейін өседі.

Мамандардың айтуынша, бұл өзгеріс инфляция көрсеткішіне жыл соңына қарай әсер етуі мүмкін. Себебі тариф көтерілгеннен кейін көп ұзамай жылыту маусымы аяқталады.

Ал ыстық су тарифі 1 сәуірден бастап 9%-ға қымбаттайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу