1 сәуірден бері 93 мың Ресей азаматы ЖСН алған

Азаматтық алуға 441 адам өтініш білдірген. 

1 сәуірден бері 93 мың Ресей азаматы ЖСН алған

Ресейде ішінара жұмылдыру жариялана басталғалы Қазақстанға 98 мыңға жуық Ресей азаматы келді. Бұл туралы ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

"21 қыркүйектен бері Қазақстанға 98 мыңға жуық ресейлік келді, ал 64 234 ресейліктер кетті", – деді спикер онлайн брифингте.

Оның айтуынша, резидент болып есептелмейтін 8 мыңнан астам адам жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алған.

Айта кететіні, ЖСН болмаса, азаматтар мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына азаматтық хал актілерін тіркеу, банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда банктік шоттарды ашу және жүргізу, төлемдерді, аударымдарды жүзеге асыру және т.б. үшін өтініш бере алмайды. .

Жалпы алғанда елімізде 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап 93 мың 45 Ресей азаматы ЖСН алған.

"1 сәуірден бастап 4 271 Ресей Федерациясының азаматы тұруға ықтиярхат (рұқсат) алды, оның ішінде 116-сы этникалық қазақтар. Тұрғылықты тұруға ықтиярхаттың өз тәртібі бар, олардың әрқайсысы төлем қабілеттілігін растады. Ол 1 320 АЕК, бұл 4 млн теңгеден асады", – деді Аталықов.

Оның сөзінше азаматтық алуға 441 адам өтініш білдірсе, 117-сі Ресейден келген этникалық қазақтар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу