1 сәуірге дейін жаппай митингі өткізуге тыйым салынды

Бұл туралы жергілікті әкімшіліктің мәлімдемесіне сілтеме жасап ТАСС басылымы хабарлады. 

1 сәуірге дейін жаппай митингі өткізуге тыйым салынды Фото: RFI

Анкара губернаторлығы наурыздың 26-сы мен сәуірдің 1-і аралығында жаппай іс-шара, жиын және митингі өткізуге тыйым салып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– 26 наурызда сағат 00:00-ден бастап 23:59-ға дейін жабық және ашық алаңдарда жаппай жиналыстар, демонстрациялар, шерулер, баспасөз мәлімдемелері, отырыстар, қол жинау науқандары және осыған ұқсас акциялар мен іс-шараларға, сондай-ақ үнпарақтар таратуға және баннерлер ілуге тыйым салынады, – делінген хабарламада.

Осыған дейін Анкара, Ыстамбұл және Измир билігі 23 наурызда Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглының тұтқындалуына байланысты жаппай шерулерге тыйым салған болатын.

Солай бола тұра 19 наурыздан бері Түркияның қалаларында Имамоглуды қолдайтын шерулер күн сайын өтіп жатыр. Наразылық акциясының кейбірі демонстранттар мен полиция арасындағы қақтығыстармен аяқталды.

Бұған дейін Ердоған елдегі наразылықтардан соң алғашқы мәлімдемесін жасаған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу