1 шілдеде газдың көтерме саудадағы шекті бағасы өседі

451

Газ бағасы Астанада – 27 052 теңге, Алматыда – 25 103 теңге болып бекітілді.

1 шілдеде газдың көтерме саудадағы шекті бағасы өседі Фото: gov.kz

ҚР Энергетика министрлігі 2023 жылғы 6 маусымдағы бұйрығымен Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"1 шілдеден бастап 2024 жылғы 30 маусымды қоса алғанда, газдың 1 мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен Астанада – 27 052 теңге, Алматыда – 25 103 теңге, Шымкентте – 26 197 теңге болып бекітілді. Ал 2027 жылғы 1 шілдеден бастап 2028 жылғы 30 маусымды қоса алғанда  газдың 1 мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен Астанада – 36 135 теңге, Алматыда – 42 759 теңге, Шымкентте – 41 158 теңге болып бекітілді", делінген құжатта.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сығымдалған және  сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларға тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары бекітілген.

Бұйрық 2023 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу