1 шілдеден бастап әлеуметтік қызметкерлер аттестациядан өтетін болады

2579

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау бағдарламасын бекіту туралы" бұйрық жобасын әзірледі. 

1 шілдеден бастап әлеуметтік қызметкерлер аттестациядан өтетін болады Фото: zakon.kz

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Оған сәйкес, аттестаттау екі бағдарламадан тұрады: міндетті, мерзімінен бұрын аттестаттау.

"Міндетті аттестаттау әлеуметтік қызметкерлердің тиісті біліктілігін арттыру мақсатында өткізіледі. Мерзімінен бұрын аттестаттау - әлеуметтік қызметкерлердің тиісті біліктілік санатын белгілейді. Тестілеу әлеуметтік қызметкерлердің таңдаған тілі бойынша жүргізіледі: міндетті аттестаттау – 60 сұрақ, мерзімінен бұрын аттестаттау – 80 сұрақ", - делінген құжатта.

Әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау келесі нормативтік-құқықтық актілерді білуге арналған тестілеу жолымен жүргізіледі:

  • Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер үшін: Қазақстан Республикасының Конституциясы; "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі; Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі; "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" заңы; "Бала құқықтары туралы" заңы.
  • Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар үшін: Қазақстан Республикасының Конституциясы; "Неке (ерлі-зайыптылық)  және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі; Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі; "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" заңы; "Бала құқықтары туралы" заңы; "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңы.
  • Әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар үшін: Қазақстан Республикасының Конституциясы; "Неке (ерлі-зайыптылық)  және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі; Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі; "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" заңы; "Бала құқықтары туралы" заңы; "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы" заңы; "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңы.
  • Қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер үшін: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі;
  • Психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер үшін: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі; "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" заңы; "Бала құқықтары туралы" заң.

Бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі деп көрсетілген.

Құжатты көпшілік талқылау 1 маусымға дейін жалғаспақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу