1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттайды

267

Елімізде фармацевтикалық препараттарды міндетті түрде таңбалау туралы ереже күшіне енеді.  

1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттайды Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Фармацевтикалық бизнес нысандарының иелері бағаны кем дегенде 5% көтеруге мәжбүр екендерін айтты. Өйткені олар қымбат құрал-жабдықтарды сатып алып, жаңа мамандарды тартуға мәжбүр.

Әйгерім Аманбаева фармацевтика саласында 2 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында Абай ауданында 2 дәріхана ашқан. Кәсіпкердің айтуынша, міндетті таңбалауды енгізу қосымша шығындарға әкеп соғады, сол үшін олар бағаны көтереді.

“Егер олар шынымен таңбалауды қаласа, қоймадағы барлығын белгілетсін. Бізге дайын өнім келсін, өйткені дәріханалар таңбалаумен алаңдамауы керек. Олай болмаса барлық дәріханалар  пайда таппай, шағын кәсіпорындар жабылады”, – деді жеке кәсіпкер Әйгерім Аманбаева.

Қосымша шығындарға байланысты дәріхана иелері не жабылуға, не дәрі бағасын көтеруге мәжбүр болады.

Үкімет дәрілік заттарға таңбалауды енгізу елдегі контрафактілік өнімдер мен дәрі-дәрмектің заңсыз сатылу көлемін азайту үшін қажет дейді. Дегенмен Қазақстандық тәуелсіз дәріханалар қауымдастығы мұнымен мәселе шешілмейтініне сенімді. Онымен кеденде айналысу керек дейді мамандар.

“Біздің шекарамыз бәріне ашық. Кез келген нәрсе келеді. Ол кіргендіктен, мен оны белгілемеймін және оны сатуды жалғастырамын, бәрі де солай. Қалай сатылды, солай сатылады. Біз қазір қаулыны тоқтата тұруды ұсынып отырмыз. Қауымдастығымызбен бірге жұмыс тобын құруды ұсынамыз, біз ұсыныс береміз, олармен бірге жол картасын, тұжырымдамасын, доктринасын, заң жобасына түзетулер енгіземіз”, – дейді Қазақстан тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының жетекшісі Талғат Омаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу