1 шілдеден бастап Көкшетауда жарық бағасы өседі

106

Тариф құнына электр энергиясын таратушы ұйымдар тарапынан көтерілген баға әсер еткен. 

1 шілдеден бастап Көкшетауда жарық бағасы өседі Фото: Kazakhstan Today

"Көкшетау Энерго" ЖШС тұтынушыларын 2025 жылғы 1 шілдеден бастап электрмен жабдықтау бойынша шекті баға мен сараланған тарифтердің ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментімен келісілгені туралы хабардар етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Енді Көкшетау қаласындағы жеке тұлғалар үшін орташа сату тарифі 1 киловатт-сағатқа 29,89 теңгені құрайды.

Жеке тұлғалар үшін сараланған тарифтер келесідей бөлінеді:

Бірінші деңгей (айына бір адамға 100 кВт/сағ дейін) – 26,79 теңге (бұрын – 25,47 теңге болды);

Екінші деңгей (айына бір адамға 100–190 кВт/сағ) – 35,87 теңге (бұрын – 34,19 теңге болды);

Үшінші деңгей (190 кВт/сағ-тан жоғары) – 44,83 теңге (бұрын – 42,74 теңге болды).

Электр энергиясын тұрмыстық емес мақсатта тұтынатын заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдар үшін тариф – 52,91 теңге кВт/сағ. шамасында бекітілді.

Ал ішкі нарыққа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар (жылыжайлар, диірмендер, нан зауыттары, мал және құс шаруашылығы кәсіпорындары) үшін тариф – 44,58 теңге кВт/сағ болып белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу