1 шілдеден бастап орманшылардың айлығы өседі

699

Материалдық-техникалық базасы 2027 жылға қарай 100 процентке жаңарту жоспарланған

1 шілдеден бастап орманшылардың айлығы өседі

1 шілдеден бастап орманшылардың айлығы өседі. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сұлейменова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, елдегі орман шаруашылығына 8,1 млрд теңге бөлінген. Ал өртті ерте анықтау жүйесіне 4,1 млрд теңге қарастырылған.

"Былтыр және биыл болған өрттерде, жалпы орман шаруашылығы саласында қалыптасқан жағдайды көрсетеді. Осы мәселені Мемлекет басшысы да айтып өтті. Әрине, осы мәселеге байланысты өртті болдырмау, алдын алу, сонымен қатар материалдық-техникалық қамсыздандыру, орманшылардың жалақы мәселелері қосымша пысықталады", - деді З. Сүлейменова.

Айта кетерлігі, Семей орманына қаншалықты залал келгенін өрт толық сөндірілген соң арнайы комиссия есептейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу