Бұл туралы Алматы қаласы Техникалық реттеу комитетінің өкілі Сауықбек Қапаев мәлімдеді. Оның айтуынша, былтыр қабылданған "Техникалық реттеу туралы" заң 1 шілдеде күшіне енеді. Жаңа құжатқа сәйкес, өндіруші немесе сатушы емес, өнімнің өзі тексеріледі. Ол үшін арнайы зертханалық сараптама жүргізіледі. Мамандардың айтуынша, бұл шараның мақсаты - өнімдердің сапасын көтеріп, бәсекеге қабілетін арттыру.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу