2018 жылғы 1 шілдеден Виза алушылардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеу және визаларды беру тәртібіне (ҚР СІМ және ҚР ІІМ 2016 жылғы 26 қарашадағы №1100 бірлескен бұйрығы) енгізілген өзгертулер өз күшіне енеді, деп хабарлайды ІІМ-ге сілтемемен ҚазАқпарат.
"Қазақстан Республикасы аумағына шетелдіктердің енуіне шақырту жіберу мерзімі қысқартылды. Шақыртуды виза алушының Қазақстанға келуіне дейін 5 күннен кешіктермей жіберу керек. Бұған дейін бұл мерзім 14 күнді құраған. Шақыртуда шетелдік азаматтың Қазақстанда тоқтайтын мекенжайы және жүретін жерлері көрсетіледі", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, шақыртуда Қазақстан Республикасының арнайы елді мекендеріне сәйкес келетін әкімшілік-аумақтық нысан жіктеуішінің коды көрсетілетін болады. Кодты төмендегі сілтеме бойынша білуге болады.
Шетелдік азаматта Қазақстанның визасы болған жағдайда ол көші-қон органдарында тіркелмейді, себебі елдегі тоқтаған мекенжайы мен жүретін жерлері шақыртуда көрсетіліп тұрады.
Қолданыстағы визаның мерзімін ұзартуға кұжат тапсыру үшін 30 жұмыс күнінен кешіктірмей және визаның мерзімі аяқталғанға дейін 5 күн бұрын өтініш білдіру керек.