1 шілдеден бастап жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы өседі

1639

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне толықтыру әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

1 шілдеден бастап жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы өседі Фото: gov.kz

Атап айтсақ, 2023 жылғы 1 шілдеден басьап жедел жәрдем жүргізушілері жұмыстарының кеңейтілген сипаттамасын ескере отырып, оларға ерекше еңбек жағдайлары үшін БЛА-дан 200% (35 394 теңге) мөлшерінде жаңа қосымша ақы белгілеу ұсынылып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта жедел медициналық жәрдем жүргізушілерінің арасында жалақының төмендігі бөлігінде резонанс байқалады, бұл ереуілдерге алып келуде (Жаңаөзен қаласында, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында).

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігі ерекше еңбек жағдайлары үшін БЛА-дан 200% мөлшерінде жаңа қосымша ақы белгілеуді ұсынды.

Міндетті түрде алғашқы көмек курстарынан өтуге жататын медициналық білімі жоқ адамдардың контингентіне медициналық білімі жоқ денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері, оның ішінде жедел жәрдем жүргізушілері де кіреді.

Денсаулық сақтау министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған қаражатқа қосымша қажеттілік 11 096 жүргізушіге 13 369 миллион теңге екенін есептеді:

2023 жыл (1 шілдеден бастап) – барлығы 2 602,6 млн теңге: ДСМ – 2 588,8 млн теңге (10 928,25 шт.бірлік), ҰҚК – 0,8 млн теңге (3 шт.бірлік), ТЖМ – 13,0 млн еңге (165 шт.бірлік);

2024 жыл барлығы 5 327,7 млн теңге: ДСМ – 5 247,1 млн теңге (10 928,25 шт.бірлік), ҰҚК – 1,4 млн теңге (3 шт.бірлік), ТЖМ – 79,2 млн теңге (165 шт.бірлік);

2025 жыл – барлығы 5 438,7 млн теңге: ДСМ– 5 356,3 млн теңге (10 928,25 шт.бірлік), ҰҚК – 1,5 млн теңге (3 шт.бірлік), ТЖМ – 80,9 млн теңге (165 шт.бірлік).

Денсаулық сақтау министрлігі бұл денсаулық сақтау жүйесіндегі жедел медициналық көмек жүргізушілерінің жалақысын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Құжат 28 наурызға дейін жария талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу