1 шілдеге арналған ауа райы болжамы

172

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады.

1 шілдеге арналған ауа райы болжамы Фото: Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағы бойынша 1 шілдеге арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, қатты жел тұрады. Еліміздің батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанады. Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс – желдің екпін алуы. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болады.

Қарағанды, Павлодар, Абай, Жетісу облыстарында, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу өңірінің солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу