banner

1-сынып оқушылары 33 апта оқиды

3550

Жаңа оқу жылында олар үшін қосымша демалыс қарастырылған. Демалыс 2020 жылғы ақпан айының 3-і мен 9-ы арылғына белгіленді.

1-сынып оқушылары 33 апта оқиды

Білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылының демалыс мерзімін белгіледі. Тиісті бұйырыққа сәйкес, оқу жылының басталуы 2019 жылғы 1 қыркүйекке сай келеді.

Оқу жылының ұзақтығы 1-сынып үшін – 33 оқу аптасы. Ал 2-11-сыныптар  үшін – 34 оқу аптасы.

Күзгі демалыс – 7 күн, яғни, 2019 жылғы 28 қазаны мен 3 қарашасы аралығына жоспарланған. Қысқы демалыс – 2019 жылғы 30 желтоқсан мен 2020 жылғы 8 қаңтарды қоса алғандағы 10 күнді қамтымақ. Ал көктемгі – 2020 жылғы 21 наурыз бен 2 сәуір аралығындағы13 күнге белгіленіп отыр.

Жаңа оқу жылында 1-сынып оқушыларына қосымша демалыс қарастырылған. Ол 2020 жылғы ақпан айының 3-і мен 9-ы арылғына белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу