1 тамыз Алматыда "Мектепке жол" республикалық акциясы басталады

1184

Биыл Алматы қаласының мұқтаж отбасыларынан шыққан 19 мың оқушыға көмек көрсету үшін әкімдік мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға көмек көрсетеді. 

1 тамыз Алматыда "Мектепке жол" республикалық акциясы басталады

Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 800 млн теңге қарастырылған. Осы жайында Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Биыл акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады және "Мектепке жол – шекарасыз жақсылық" ұранымен өтеді. Ол аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алуға бағытталған.

"Қазірдің өзінде мектептерде оқушыларға оқу жылына дайындыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көмекке мұқтаж балалардың деректер базасы құрылды. Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін жедел желілер, сенім телефондарының жұмысы ұйымдастырылды", – деп хабарлады басқарма басшысы.

Сонымен қатар, қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілерді, меценаттарды, мемлекеттік құрылымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсетуге тілек білдірушілер тұрғылықты жері бойынша аудандық білім бөлімдеріне немесе тікелей білім беру ұйымына жүгіне алады.

Жедел желі байланыстары Алматы қаласы білім басқармасының сайтында көрсетілген.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу