"1 теңге бюджеттік инвестицияға 13,1 теңге жеке инвестиция тарту жоспарланып отыр"

891

"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағында 2 қосалқы орталық салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"1 теңге бюджеттік инвестицияға 13,1 теңге жеке инвестиция тарту жоспарланып отыр"

"Өңірді дамыту бойынша 2025 жылға дейінгі кешенді жоспар шеңберінде ұзындығы 791 шақырымдық жергілікті жол қайта жаңартылмақ. Нәтижесінде жергілікті маңызы бар жолдардың нормативтік жай-күйінің көрсеткіші 100%-ға жеткізіледі. Аталған шараларға 56,5 млрд теңге бөлу жоспарланған", – деді Бейбіт Атамқұлов. 

Бұған қоса Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспары аясында министрлік жалпы сомасы 257,5 млрд теңге болатын 16 жобаны жүзеге асырмақ. 

"Өңірді өнеркәсіптік дамыту үшін кешенді жоспарда "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында №2 және №4 қосалқы орталық құрылысын бастау ұсынылды. 2023-2025 жылдар аралығында аталған жобаларға 9,6 млрд теңге бөлу көзделіп отыр. Осылайша аймақта қосымша 1200 жұмыс орны құрылады. 

"1 теңге бюджеттік инвестицияға 13,1 теңге жеке инвестиция тарту жоспарланып отыр", – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу