1 трлн 340 млрд теңге бюджет қаражатына мемлекеттік аудит жүргізілді

809

Соңғы 7 айда камералдық бақылау арқылы құны 4,9 трлн теңгені құрайтын 583 мың мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды.  

1 трлн 340 млрд теңге бюджет қаражатына мемлекеттік аудит жүргізілді

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың мәлімдеуінше, тексеру қорытындысы бойынша 17 мың рәсім бойынша бұзушылық анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы 16,5 мың хабарламаны орындады. 1 978 аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудитпен 1 трлн 340 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. 139 млрд теңгенің қаржылық бұзушылығы анықталды. Тауар жеткізумен, қызмет көрсетумен және жұмыс орындаумен қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепте көрсету жолымен 90 млрд теңгенің бұзушылығы жойылды. Аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 1 775 ұсыным берілді", – деді үкімет отырысында Ерұлан Жамаубаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу