1 трлн 848 млрд теңге бюджет қаражатына аудит жүргізілді

1040

Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік сатып алу рәсіміндегі заңға қайшы әрекеттердің санын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

1 трлн 848 млрд теңге бюджет қаражатына аудит жүргізілді

"Камералдық бақылаумен 11 айда құны 11,3 трлн теңгені құрайтын 897 мыңға жуық мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Тексеру қорытындысында 36,8 мың рәсім бойынша бұзушылық анықталды. Мемлекеттік аудит нысандары бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың 97%-ын орындады", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Министрдің мәлімдеуінше, бүгінге дейін 2 996 аудиторлық шара ұйымдастырылды. 1 трлн 848 млрд теңге бюджет қаражатына аудит жүргізіліп, 157 млрд теңгеге қатысты қаржылық бұзушылық анықталды.

"Тауар жеткізумен, қызмет көрсетумен және жұмыстарды орындаумен қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепте көрсету жолымен 127 млрд теңгенің бұзушылығы жойылды. Аудит нысандары қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 2,6 мың ұсыным берілді", – деді Қаржы министрі.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу