1 трлн теңге бөлінген жоба жүзеге асқан жоқ

2450

Үкімет пен әкімдердің жұмысы көңіл көншітпейді. 

1 трлн теңге бөлінген жоба жүзеге асқан жоқ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кемшілігін бетіне басты. 

"Біз "Жұмыспен қамтудың жол картасын" қабылдадық. Оны жүзеге асыру үшін 1 трлн теңге қаржы бөлдік. Бірақ жоспарда көрсетілгендей 255 мың емес, 150 мыңға жуық адам ғана жұмысқа орналасты. Жобалардың дені, негізінен, жөндеу жұмыстарына бағытталған", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент жобалардың 6%-ында ғана тұрақты жұмыс орны қарастырылғанына тоқталды. 

"Оның өзінде мемлекеттік секторларда, яғни мектептер мен ауруханаларда. Мұндай жұмыс мені қатты алаңдатады. Үкімет әкімдермен бірлесіп, шұғыл түрде тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге кірісуі керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу