Коронавирус індетін жұқтырған тағы 32 адам тiркелді: Ақмола облысында – 13 адам, Алматы қаласында – 1 адам, Қызылорда облысында – 7 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Атырау облысында – 3 адам, Қарағанды облысында – 2 адам, Шымкент қаласында – 4 адам.
"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 223 адам, Алматы қаласында – 120 адам, Қарағанды облысында - 57 адам, Ақмола облысында - 56 адам, Атырау облысы - 39 адам, Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында - 27 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 6 адам, Қызылорда облысында - 92 адам, Батыс Қазақстан облысында - 4 адам, Түркістан облысында - 34 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 759 науқас тіркелді",– деп жазылған шұғыл штаб мәліметінде.
Дертке шалдыққандардың бүгінде 54-і емделіп шыққан. Өкінішке қарай жұқпалы дерт салдарынан 7 адам көз жұмды.