Жас ғалымдарға арнайы тұрғын үй бағдарламасы әзірленді

863

Жоба талаптарымен "Отбасы банк" басшысы таныстырды. 

Жас ғалымдарға арнайы тұрғын үй бағдарламасы әзірленді Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың 1 желтоқсанында "Отбасы банк"Қазақстанның жас ғалымдарына кредит беру бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдай бастады. Бұл туралы қаржы ұйымының басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа бағдарлама академиялық ғылыммен айналысатын жастарға арналған.

"Банк саладағы барлық тетікті зерттеп, арнайы тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу туралы шешім қабылдады. Үміткерлер тізімінде Ғылым және жоғары білім министрлігіне құарасты 53 ұйымның жас ғалымдары бар. Тоғыз адамның өтініштері мақұлданған. Несиенің ең көп сомасы 20 млн теңгені, қарыз мерзімі 19 жылды құрайды. Бұл жас ғалымдарға өздерінің алғашқы пәтерін сатып алуға және тиісінше Қазақстанда қалып, ғылыми зерттеулерін жалғастыруға мүмкіндік береді. Оның ақысы қолжетімді және несие алушыларға ыңғайлы. Егер ғалым 20 млн теңге сомасын алса, алғашқы сегіз жыл ішінде 155 мың теңге төлейтін болады, ал кейінгі жылдары төлем мөлшері 84 мың теңгеге дейін төмендейді. Осылайша, біз жас ғалымдарды тартамыз және оларды академиялық ғылымымызда қалдырамыз деген үміт бар", – деді  Ләззат Ибрагимова.

Аталған жоба 5 жылға жоспарланған. Бағдарлама "Отбасы банкінің" таза табысынан қаржыландырылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу