"Мемлекеттік баждар мен төлемдерді төлеуге арналған азаматтардың ақшалай қаражатын күдіктілер ұрлап, жеке қажеттіліктеріне жұмсады. Аталған адамдардың қылмыстық әрекеті нәтижесінде азаматтар мен мемлекетке 1 млрд теңгеге төленбеген мемлекеттік баждар мен алымдар түрінде залал келтірілді. Бүгінгі күні іс бойынша қылмыстық топтың тағы 4 белсенді қатысушысы, оның ішінде Астана қаласы бойынша №2 Арнайы ХҚО басшысы ұсталды", деді ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.
Өтінішті қабылдайтын "WEB-модуль" сервистік орталығы Полиция департаментіне тиесілі екен. Хабарласқанымызда жауап беруден бас тартты. Бүгін ғана сот санкциясымен төрт полиция қызметкері, Астана қаласы нөмірі екінші халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы және тағы үш азамат қамауға алынғаны туралы хабарланған еді. Аталмыш мекеме қызметкері бастығының ешқандай тұтқында емес, ауырып қалғандығын мәлімдеді. Әрі жалған құжат қалай еленбей өтіп кеткенін былайша түсіндірді.
"Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері азаматтардың өтініштерін қабылдап, бірыңғай тіркеу тәртібіне сәйкес мемлекеттік органға жолдайды. Одан кейін электрондық өтініштерді қарау Полиция департаментінің процессингтік орталығының мамандары көліктің иесі мен көлік құралының заңдастырылған құжаттарының іздестірілуде бар-жоғын, электронды өтініш пен сканерленген құжаттарды салыстыру арқылы олардың дұрыстығын тексереді", деді "Азаматтарға арналған Үкімет" Мемлекеттік корпорациясы"АҚ филиалы PR менеджері Бахтияр Алиақпаров.
Қазір тергеу басталды. Кінәлілер жазасын алады. Жаңа жылдан кейін шетелдік көліктерді тіркейтін болсақ ,осындай фактілер көбейеді деген күмән басым. Естеріңізге салсақ биыл 1-қыркүйекке дейін елге кірген шетелдік көліктерді тіркеуге жеңілдік беретін заң жобасы дайын. Қазір құжат ашық Үкімет порталында қоғам талқысында.