"10 мың раушан гүлі": Астанада адамдар тегін гүл үшін таласты

388

Рекорд ресми тіркелгеннен кейін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай тегін таратылған. 

"10 мың раушан гүлі": Астанада адамдар тегін гүл үшін таласты Фото: бейнеден скриншот

Астана қаласында 1500 кг салмақты құрайтын гүл шоғы әлемдік рекорд орнатты.

Жетісу саябағына кіре берісте демалыс күндері раушан гүлдерін тегін тарату рәсімі өтті. Көбірек гүл жұлып алмақ болғандар арасында төбелес шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Раушан гүлдерді тегін таратқан видео Қазнет қолданушыларының ашуын тудырды. Пікір қалдырушылар итермелеп, барынша гүл алуға тырысқан адамдардың қылығына ашуланды. Көпшіліктің ішінде балалар да болды, бірақ ересектер гүлге таласқандары сонша тіпті балаларды да байқамаған сияқты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу