10 592 полиция қызметкері жұмыссыз қалды

7347

Ішкі істер министрлігі 16 млрд теңгеге жуық қаржы үнемдеді. 

10 592 полиция қызметкері жұмыссыз қалды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Парламент сенатындағы үкімет сағатында 10 мыңнан астам полиция қызметкері қысқартылғанын жариялады.

Оның сөзінше, қысқарту ішкі істер органдарын реформалаудың 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын жүзеге асыру аясында атқарылған. Шара шеңберінде полицейлердің саны 11%-ға қысқарған. 

"Жол картасы 9 басты бағытты көздейді, олардың әрқайсысы бойынша өткен жылы бірқатар жұмыс атқарылды. Бірінші бағыт ұйымдастырушылық-штаттық құрылымды оңтайландыруға негізделген. Осы бағыттың мақсаты – ықшам аппарат құру. Бұл тұрғыда 100 мың тұрғынға шаққанда полицейлер санын орташа еуропалық деңгейге дейін жеткізу ескерілген. ІІМ және оның ведомстволарының функцияларына талдау жүргізіліп, қорытындысында 106 артық басқару буыны және 1 483 басшылық лауазым таратылды. ІІМ қызметкерелері саны 11%-ға кеміді, яғни 10 592 қызметкер қысқартылды", – деді Е. Тұрғымбаев.

Министрдің мәлімдеуінше, іс барысында 16 млрд теңгеге жуық қаржы үнемделген.

"100 мың тұрғынға шаққандағы полицейлердің саны 471-ден 393-ке дейін азайды. Бұл орташа еуропалық деңгейге сәйкес келеді. Ең бастысы қабылданған шаралар ішкі істер министрлігіне 16 млрд теңгеге жуық қаржы үнемдеуге мүмкіндік берді", – деді ішкі істер министрі.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу