10,7 мың қазақ азаматтық алды

1916

Бүгінгі күні  307,3 мың отбасы немесе 1,046 млн этникалық қазақ тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алды. 

10,7 мың қазақ азаматтық алды

Жыл басынан бері 10,7 мыңнан астам этникалық қазақ Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің ресми сайты.

Азаматтар негізінен Өзбекстан (48,5%), ҚХР (36%), Моңғолия (6,2%), Түркменстан (5,4%), Ресей (1,1%), Иран (0,5%) және басқа да мемлекеттерден көшіп келіп жатыр. Олар Ақмола (27%), Маңғыстау (14%), Жамбыл (9%) облыстары мен Нұр-Сұлтан (8,9%) және Шымкент (8,5%) қалаларында қоныстанды.

Бүгінгі күні  307,3 мың отбасы немесе 1,046 млн этникалық қазақ тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алды.

"Қазақстанда оралман мәртебесін алған этникалық қазақтарға жеңілдетілген түрде азаматтық алу үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Бұл мәртебе бір жылға жарамды. Мәртебені ұзарту оралман мәртебесі тоқтатылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өтініш берген кезде жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алу үшін ғана көзделеді", – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ахмади Сарбасов.

Бұл ретте, ол кейбір оралмандардың ұсынылған уақыт ішінде жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан азаматтығын алмаған және мұндай мүмкіндіктен айырылғанын атап өтті.

"Осыған байланысты Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мұндай оралмандарға мәртебесін жеңілдетілген тәртіппен алуды 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Осылайша, мәртебесін ұзартпаған оралмандар оны істеу үшін жергілікті атқарушы органдарға жүгіне алады және Қазақстан азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу үшін ішкі істер органдарына құжаттарды тапсыра алады", – деді Сарбасов.

Биылғы жылғы 26 тамыздағы жағдай бойынша акция шеңберінде ел бойынша оралман мәртебесі 5 789 этникалық қазақтарға ұзартса, оның 4 909-ы азаматтық алуға құжаттарын тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу