Тілсіз жау Қостанай облысы аумағында тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт төрт қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден басталған. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер кіреберісті қою түтін басқанын анықтап, бірден адамдарды құтқару жұмысына кіріскен.
– Өртті сөндіру кезінде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері баспалдақ арқылы екі адамды, оның ішінде бір баланы құтқарып, тағы 10 тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді, – деп хабарлады ТЖМ.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде жалынның көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Тілсіз жау шамамен 10 шаршы метр аумақты шарпыған.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Сондай-ақ, оқиғадан зардап шеккендердің бар-жоғы мен келтірілген материалдық шығын көлемі нақтылануда.