Астана қаласының прокуратурасы сотта ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып бірнеше рет алаяқтық жасаған әйел адамға қатысты мемлекеттік айыптау қолдау тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Айыпталушы Instagram әлеуметтік желісінде, тиімді инвестициялар, арзан туристік жолдамалар және шетелде жұмысқа орналастыру туралы жалған жарнамалық хабарландырулар орналастырған.
Азаматтарды жаңылыстырып және олардың сенімін теріс пайдалана отырып, ол жәбірленушілерден ақшалай қаражат алып, оларды өз мүддесіне жұмсап, өзіне алған міндеттемелерін орындамаған.
Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде 10 адам зардап шегіп, оларға 7,7 млн теңгеден астам сомада материалдық залал келтірілген.
Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы қағидатты әрі дәйекті ұстаным танытып, сотқа сотталушының кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтарды ұсынды.
Сот үкімімен кінәлі азаматша 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.