10 айда авиакомпаниялар 13 миллионнан аса жолаушыны тасымалдаған

240

Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.  

10 айда авиакомпаниялар 13 миллионнан аса жолаушыны тасымалдаған Фото: pixabay.com

Қазақстанда жолаушылар әуетасымалдарының өсуі байқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша әуе көлігімен 13,1 млн жолаушы тасымалданды. Министр бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға артық екенін атап өтті.

Жүктерді әуе көлігімен тасымалдау кезіндегі негізгі цифрлық құрал – e-Freight жүйесі. Бүгінгі таңда жүйені елдің барлық әуежайлары мен авиакомпаниялары пайдаланып отыр. Бұл IATA халықаралық стандартына сәйкес келеді.

"Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар импорттық және экспорттық кедендік декларация, фитосанитариялық және ветеринариялық бақылау бойынша интеграциялық жұмыстарды пысықтауда. Бұл бизнес-процестерді толық автоматтандыруға мүмкіндік береді", – деді Нұрлан Сауранбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу