10 айда инфляция 6,2% болды

957

10 айда инфляция 6,2% болды

Баға азық-түлік тауарларына 2016 жылдың он айында 5,7%, азық-түлік емес тауарларына – 7,6%, ақылы қызметтерге – 5,4%-ға өсті. Бұл туралы Статистика комитетіне сілтеме жасап 7kun.kz.

"Ағымдағы жылдың басынан бері бағаның өсуі шайға – 33,3%, жармаларға – 29,6%, қантқа – 18,1%, нанға – 16,7%, қайта өңделген және консервіленген көкөністерге – 13,7%, кондитерлік өнімдерге – 13,2%, күнбағыс майына – 12,4%, салқындатылған сусындарға – 11,3%, макарон өнімдеріне – 10,7%, құс етіне – 10,4%, жеміс және көкөніс шырындарына – 9,8%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 8,6%, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға – 7,4%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі жаңа жиналған көкөністерге 24,6%, шикі сүтке – 6,2%, жұмыртқаға – 1,1%, картопқа – 0,9%  тіркелді", делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге — 15,1%, кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына – 12,5%, жеке қолданатын тауарларға – 10,3%, тұрмыстық аспаптарға – 9,7%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 9,6%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 8,7%, тоқыма бұйымдарына – 8,1%, автомобильдерге – 8%, киім және аяқ киімге 7,5%-ды құрады. Дизель отыны – 33,7%, баллондағы сұйытылған газ 16,3%-ға қымбаттады.

Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне – 8,4%, білім беру – 6,5%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 5,6%, мейрамханалар мен қонақ үйлер – 5%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 3,8%-ға өсті. Жолаушылардың алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігімен жол жүру ақысы 11,8%, әуе көлігіне – 9,4%, ішкі автобуспен қалалық қатынастарда 8,4%-ға жоғарылады.

Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер кәрізге – 25,2%, суық суға – 12,2%, қоқыс шығаруға – 11%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 7,5%, орталықтан жылытуға – 7,3%, электр энергиясына – 6,1%, ыстық суға 5,3%-ға өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу