Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстандағы ішкі жалпы өнімнің нақты өсуі 9 айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жеделдеп, 4,5% болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Экономикалық өсуге негізінен шикізаттық емес сектор үлес қосты. Ол алдын ала бағалау бойынша 5,6%-ға өскен.
Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3,5%-ға өсті. Бұл ретте өңдеуші сектордың өсу қарқыны 9 айда 8,6%-дан 9,3%-ға дейін артты.
Өңдеу секторындағы ең жоғары өсу қарқыны машина жасауда (22,2%), фармацевтикада (50,9%), дайын металл бұйымдарын өндіруде (30,4%), химия өнеркәсібінде (21,9%), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде (18,1%), тамақ өнімдерінде (13%), құрылыс материалдарында (5,4%)байқалады.
Құрылыста өсім 13,1%, көлікте және қоймада 7,5%, саудада 6,2%, ауыл шаруашылығында 5,2%, байланыста 4,9% болды.