10 әскеридің үшеуі ауыр халде жатыр

1060

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыстағы жарылыстан зардап шеккен саперлардың жағдайы туралы айтты.

10 әскеридің үшеуі ауыр халде жатыр

Арыс қаласында 21 қыркүйекте болған жарылыс кезінде жараланған 10 әскеридің үшеуі ауыр халде жатыр. Қалғандарының өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы бүгін тілшілерге берген сұхбатында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Оның айтуынша, оларға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұдан бөлек, министр "әскери бөлімнің сыртында оқдәрілердің сынығы табылуы мүмкін екенін, алайда олардан келетін қауіптің жоғын" айтты. Сондай-ақ, министр "апаттың салдарын жоюда ең жауапты кезең басталғанын атап өтті. 

"Жергілікті тұрғындарға, Арыс қаласына ешқандай қауіп жоқ. Өйткені әскери бөлімнің сыртындағы барлық оқ-дәрілердің фрагменттері жиналды. Арыс қаласынан 60 шақырымда орналасқан арнайы полигонда олар жойылып жатыр. Оқ-дәрінің фрагменттері әскери бөлімнің сыртында жоқ. Анда-санда бірлі-жарым жарылмайтын оқ-дәрі табылуы мүмкін. Бірақ әскери бөлімнің ішінде оқдәрілердің фрагменттені көп. Нақты санын айта алмаймын",– дейді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу