10 игі іс: аязды күндері еріктілер өтіп бара жатқан адамдарға ыстық шай мен бауырсақ ұсынды

371

Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады.  

10 игі іс: аязды күндері еріктілер өтіп бара жатқан адамдарға ыстық шай мен бауырсақ ұсынды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Аязға және ауа райының нашарлауына байланысты елордалық еріктілер қала тұрғындарына ыстық шай мен бауырсақ таратты. Олар аялдама кешендерін аралап, кондукторларға, жүргізушілер мен жолаушыларға тәтті-дәмділер ұсынды.

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада "10 игі іс" ұранымен әлеуметтік қайырымдылық іс-шаралары өтіп жатыр. Басты мақсат – қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.

Мәселен, аязды күндері еріктілер өтіп бара жатқан адамдарға ыстық шай мен бауырсақ ұсынды.

"Қазір қалада аяз күшейіп тұр. Мектептердегі сабақтар тоқтатылды. Осындай игі әрекеттермен біз айналамызда жылы, достық қарым-қатынас орнатамыз, жастарға қайырымдылықты насихаттаймыз. Акция қыс бойы өткізілетін болады, біз барлығын қосылуға және мұқтаж жандарға көмек көрсетуге шақырамыз", – деді Айзат Әли.

Еріктілер сонымен қатар автокөлік иелерін кішкентай балалары бар әйелдерді тегін тасымалдауға шақырды.

Қала тұрғындары эстафетаға қосыла алады және ізгілік акциясы аясында өз аккаунттарында #Мейірімболуәдет, #Мейірімділікөмір #сәнқой мейірімді хэштегімен ақпарат немесе видео жариялай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу