10 кітап оқыған сотталушы бостандыққа шықты

1002

Ол жазасын 3 жылға қысқартқан. 

10 кітап оқыған сотталушы бостандыққа шықты

ҚАЖД АК-159/9 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушы 10 кітап оқып, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл қаңтарда Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде "Чтение без границ" пилот жобасы іске асырыла бастаған.

Лидия салық төлеуден жалтарғаны үшін 5 жылға сотталған. Жазасының 2 жылын АК-159/9 әйелдер колоносиясында өтеген. Ол "Чтение без границ" жобасы туралы естіп, оған белсенді қатыса бастаған. Алғашында сотталушы бірнеше кітап оқып, оның мазмұнын толық айтып берген. Нәтижесінде Лидия марапатталған. Кейін тағы бірнеше кітап оқып, марапатқа ие болған. Жалпы ол 10 кітап бітіріп, шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға мүмкіндік алды.

"Мекемемізде "Чтение без границ" жобасына 50 сотталушы қатысты. Жобаға алғаш рет қатысқан әйел ынталандыруға ие болып, бүгін шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықты", – деді АК-159/9 мекемесі басшысының орынбасары Нәзира Қадырова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу