Елімізде ішкі мигранттарды тіркеу туралы үкімет қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды 24.кз..
Жаңа құжатта уақытша тұратын мекен-жайына тіркелмеген азаматтардың жауапкершілігі заңды тұрғыда бекітілген. Соған сәйкес, басқа қалаларға 1 айдан аса мерзімге уақытша тұруға барған кез келген Қазақстан азаматы 10 күн ішінде тіркеуге тұруы керек. Тіркелмеген жағдайда әкімшілік жауапқа тартылады.
Айта кету керек, 16 жасқа дейінгі балалар, ұзақ уақытқа ауруханада жатып емделуге келгендер, вахталық кесте бойынша жұмыс істейтін азаматтар жаңа ереженің талаптарынан босатылады.
Алматы қаласында жыл басынан бері 198 мыңға жуық азамат уақытша есепке тұрған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, тек 3 мың азамат ғана уақытша мекен-жайын көрсетіп, тіркелген.