10 маусымда Атырауда басталған экспедиция-мотожарыс бүгін Астанаға жетті

847

10 маусымда Атырауда басталған  экспедиция-мотожарыс бүгін Астанаға жетті

Экспедиция-мотожарысы 10 маусымда Атырауда басталып, бүгін Астанаға жетті. Шараға қатысушылар 20 күн ішінде Қазақстанның 18 қаласын аралап өтпек. Олар: Атырау, Орал, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Астана және т.б. Жолдың жалпы ұзындығы 8500 шақырым, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Мотожарыс "Менің елім - моя страна" жобасы аясында "Қазақстан-2050" жалпы ұлттық қозғалысының қолдауымен ұйымдастырылды. Маңызды шара "Туған жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асуда әрі "Жергілікті туризм" базалық жобасы арқылы туған жерді танып, білуге, туристік бағыттар арқылы өлкетану ақпараттарын жинау мақсатында өткізіліп жатыр.

Жарыс қорытындысы бойынша "Тарихи естеліктерді аралап шыққан ең танымал ТОП-25" рейтингісі құрылады. Аталған жұмыс Мемлекет басшысының "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" мақаласына негізделген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылуда. Осындай жобалар арқылы жалпы ұлттық патриотизмді қалыптастыру көзделіп отыр.

Экспедиция қатысушылары алғашқы мотожарыс 2014 жылы өткізілгенін айтады. Мақсаты - Қазақстанның тарихи орындарын аралауға мүмкіндік беретін бағыттарды құру.  Шара экологиялық, танымдық, тарихи және Қазақстанның экстремалды туризмін дамытуға үлес қосу бағытында қолға алынуда. Экспедиция қорытындысы бойынша басқа да барлық ниет білдірушілер мотожарыс аясында сынаудан өткен бағыттармен таныса алады.

"Бұл елді біріктіретін, экстремалды туризмге қызығатын достардың басын қосатын жоба. Біз осымен төртінші рет қатысып жатырмыз, алғашында бағыт-бағдарымызды білмейтінбіз, ал қазір әр қалада достарымыз бар. Мейірбандылыққа толы, ерекше акцияға айналып келеді", - деді Wheels brothers" мотоклубының президенті Олег Шмаль.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу