10 миллион адамның азаматтығы жоқ

1095

10 миллион адамның азаматтығы жоқ

Әлем бойынша 10 миллион адамның ешбір елде азаматтығы жоқ. Ал ресми дерекке сүйенсек, олардың саны 3 миллионнан аспайды. Құжаты болмағандықтан, мұндай жандардың құқығы қорғалмайды және тұрақты жұмысқа да орналаспайды. Мұндай мәлімдемені Біріккен ұлттар ұйымының босқындар ісі жөніндегі агенттігі хабарлады, деп жазады 24.kz.

Мүлде азаматтық алмаған ұлттың бірі – рохинджа халқы. Тамыз айынан бері олардың басына қара бұлт үйірілді. 600 мыңдай рохинджа Мьянмадағы зорлық-зомбылыққа шыдамай, көрші Бангладешке бас сауғалап кетті.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, кез келген мемлекет сол елдің аумағында дүниеге келген балаға бірден азаматтық беруге тиіс. Сонда ғана жеке тұлғаны алалау тоқтайды.

 "Егер азаматтығыңызды растайтын құжат болмаса, әлемде ешкім емессіз. Құқығыңыз қорғалмайды, тиісті жәрдем берілмейді. Мәселен, білім алып, жұмысқа орналаса алмайсыз. Бұл – үлкен мәселе. Құжаттың болмауы онсызда аз халықтың одан сайын қорқынышын туғызады",- дейді БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі агенттігінің өкілі Кэрол Бачелор.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу