10 млрд-қа асыра көрсету: Қазақстанда ірі нысандардың құрылысы тексерілді

339

ҚМА ірі объектілердің құрылысына мониторинг жүргізіп жатыр.

10 млрд-қа асыра көрсету: Қазақстанда ірі нысандардың құрылысы тексерілді Фото: inbusiness.kz

ҚМА мемлекеттің негізсіз шығындарын болдырмау мақсатында ірі объектілердің құрылысына мониторинг жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәселен, "Мемсараптама" РМК көмегімен Астананың энергия торабындағы апатқа қарсы автоматиканы модернизациялау бойынша жоба құны 1,9 млрд теңгеге арзандатылды. Мұнда жобаны әзірлеушілер электр шкафтарының бағасын негізсіз қымбаттатқан.

Тағы бір жағдайда Астанада құбыр бағасын өсіруге байланысты магистральдық айналма кәріз коллекторын салу құны 5,3 млрд теңгеге арзандатылды.

Петропавлдағы Солнечный кентінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу кезінде электр қосалқы станцияларының құнын 4 есе арттыру фактісі анықталды. Нәтижесінде 2,3 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта облыс әкімдіктерімен тағы 24 нысан бойынша мемлекет шығындарын 13 млрд теңгеге төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мәселен, Қарағандыда өндірістік ағындар мен жерүсті сарқынды суларын тазартатын құрылыс жобасы бойынша жабдықтың тек үш түрінің ғана құны 541 млн теңгеге асырылды.  

Жалпы алғанда, 8 жоба бойынша екі айдың ішінде бюджет шығындары 10 млрд теңгеге төмендетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу