10 мың адамға қоңырау шалған алаяқтық топ ұсталды

165

Әлеуметтік желі, электронды мессенджерлердегі аккаунттар заңсыз іске қосылған SIM қораптар анықталды. 

10 мың адамға қоңырау шалған алаяқтық топ ұсталды Фото: Добро.Медиа

Астанада күніне 10 мың адамға қоңырау шалған алаяқтық топ ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Абоненттік нөмірлерді ауыстыруға және географиялық орынды өзгертуге арналған құрылғылар тәркіленді.

Жалпы бұл жабдықтар арқылы олар бір мезетте ондаған адамға қоңырау шалып және жүздеген хабарлама жіберген. Қазіргі уақытта зардап шеккендер анықталуда.

Мамандар алаяқтың құрбаны болмау үшін үшінші тұлғаға жеке деректерді немесе банк шоттарын беруден бас тарту керектігін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу