Варшавада (Польша) екінші халықаралық орталық ауылшаруашылығы көрмесі өтті. Көрмеге Украина, Қазақстан, Әзірбайжан, Қытай, Түркия, Бразилия, Аргентина, Кения, Алжир, Біріккен Араб Әмірліктері және Еуропа, Азия және Африка сияқты 20-дан астам елдің кәсіпкерлері қатысты, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Көрмеде "АӨК-нің экспорттық орталығы" зығыр тұқымдары, қыша, рапс, күнбағыс, қатты және жұмсақ бидай, соя, жасымық, арпа сияқты өсімдіктердің үлгілерін ұсынды. Зығыр мен қыша майы Польша кәсіпкерлерінің ерекше қызығушылығын тудырды.
Сонымен қатар, Қазақстан-Польша бизнес-форумы аясында "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК АҚ "АӨК-нің экспорттық орталығының" тұсаукесерін өткізді.
Тұсаукесер қорытындысы бойынша 2018 жылдың аяғына дейін "АӨК экспорттау орталығы" мен "Польша-Қазақстан ауыл шаруашылығы кластері" арасында 10 мың тонна зығыр тұқымын және 2 мың тонна қыша тұқымын жеткізу туралы келісімге қол қойылды.