100% бейнебақылау жүйесімен жабдықталғанына қарамастан, білім ошақтарының 55% бекітілген стандарттарға сәйкес келмейді. Мұны Министр Аймағамбетовтің өзі мойындады. Негізі, бұл мәселені шешу үшін жергілікті бюджеттерден 1,4 миллиард теңге бөлініпті. Ал мектептердегі дабыл түймелерінің саны небәрі – 648 ғана. Оған 828 млн теңге жұмсалған. Бұдан бөлек, бүгінде оқу ордаларын турникеттер мен ата-аналардың телефонымен біріктірілген арнайы кіру карталарымен қамту жоспарланып отыр.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        