10 мыңнан астам шағын көлемді кеме мемлекеттік тіркеуден шығарылды

695

10 мыңнан астам шағын көлемді кеме мемлекеттік тіркеуден шығарылды

ҚР ИДМ басшысының 2017 жылдың 4 шілдесіндегі №441 бұйрығымен кемелерді мемлекеттік тіркеу ережесіне өзгертулер енгізілді. Сондай-ақ, 2017 жылдың 26 қыркүйегінде күшіне енген бұйрыққа шағын көлемді кемелерді тіркеуден өткізу мәселесі де ілікті, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Құжат қағидасына сәйкес, салмағы 200 келіге дейінгі өздері жүзе алмайтын шағын көлемді кемелер, сонымен бірге қозғалтқышы мен демалыс орны жоқ ұзындығы 9 метрден аспайтын парусты спорттық кемелер 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркелген кеме кітабынан кеме иесінің өтінішінсіз алынып тасталады. 

ҚР ИДМ көлік комитетінің инспекциялары кеме иелеріне кемені мемлекеттік тіркеуден алып тастауға байланысты ақпаратты БАҚ арқылы жеткізген болатын.

 Жалпы, республика бойынша 10790 шағын көлемді кеме мемлекеттік тіркеуден шығарылды. Бүгін күні жалпы саны 19 096 шағын көлемді кеме тіркелген (2422 өзі жүрмейтін, 16688 өзі жүретін).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу