"Қазіргі таңда (сағ. 17.00) 10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтініштерін жіберді. Ең көп өтініш "Педагогикалық ғылымдар" және "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" бағыттарына берілді", – деп жазды Ғылым және жоғары білім министрлігінен.
Айта кету керек, биыл құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Құжаттарды кез келген жоо (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу