10 мыңнан астам үй өрт қауіпсіздігі қағидасын бұзып отыр – Юрий Ильин

663

87 мыңнан астам үй тексерілді. 

10 мыңнан астам үй өрт қауіпсіздігі қағидасын бұзып отыр – Юрий Ильин

Үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин еліміздегі оқыс оқиғалардың 92% өрт салдарынан болып жатқанын жариялады. 

"Елдегі төтенше жағдайдың 92% өрт құрайды. Жылу беру кезеңінде жағдай ушығып кетеді. Пандемияны ескере отырып, биыл жылу беру маусымы әдеттегіден ерте басталды. Қыркүйектен бастап тұрғын үй секторында 1 300-ден астам өрт оқиғасы тіркелді", – деді министр. 

Юрий Ильиннің айтуынша, өрт салдарынан болатын оқиғалардың саны Алматыда 60% өскен. Ал Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында 40%-дан 20%-ға төмендеген. 

"Өрттің шығуына көбінесе тұрмыстық құрылғылар мен пештерді дұрыс пайдаланбау себеп болады", – деді ол. 

Министрдің мәлімдеуінше, 15 тамыздан бастап өрттің алдын алу шаралары атқарылды. Әлеуметтік осал топқа жататын адамдардың 118 мыңнан астам тұрғын үйі есепке алынды. Өңірлік әкімдіктермен, ішкі істер органдарының, әлеуметтік қамту, білім беру және денсаулық сақтау өкілдерімен бірлесіп 87 мыңнан астам үйге тексеру жүргізілді. 

"10 мыңнан астам үй өрт қауіпсіздігі қағидасын бұзып отыр. Олар жергілікті атқарушы органдардың бақылауына алынды", – деді Юрий Ильин. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу