10 мыңнан астам үміткер магистратура грантына ие болды

741

Оның 128-і бейіндік бағытта.

10 мыңнан астам үміткер магистратура грантына ие болды

Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев комисся шешімімен 10 202  талапкерге магистратура гранты тағайындалғанын мәлім етті.

"Жалпы 2020-2021 жылғы оқу жылына магистратураға 12 829 грант бөлінген еді. Оның 12 119-ы ғылыми-педагогикалық бағытта болса, 710 грант бейіндік бағытқа ұсынылды. Тамыздың 17 мен қыркүйектің 1 аралығында магистратураға түсушілердің кешенді тестілеуі өтті. Алғаш рет компьютерлік форматта өткен тестілеуге 34 746 талапкер қатысты. Кешенді тестілеуге қатысқандардың 13 051-і іріктеудің шекті баллын жинады. Яғни, 75-тен жоғары балл жинады. 5 қыркүйекке дейін конкурске құжаттар қабылданып, 12 179 үміткер қатысты. Бүгінгі комиссияда 10 202 грант берілді. Оның 128-сі бейіндік бағытта", – деді Әділет Тойбаев.

Департамент басшысының айтуынша, биыл ең жоғары сұранысқа ие болған мамандық – шет тілі оқытушысы. Бұл мамандыққа түсу үшін 150 ұпайдың ең кемі 134-ін жинау қажет болған. Ал конкурсы ең төмен бағыт – ветеринария. Мал дәрігерлігіне 72 грант тағайындалған.

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу