10-нан астам көпқабатты үй тұрғындары тоңып жүр

506

Шымкентте жаңадан бой көтерген шағын аудандағы 10-нан астам көпқабатты үйдің тұрғындары қар жауып, күн суытқалы бүрсең қағып отыр. 

10-нан астам көпқабатты үй тұрғындары тоңып жүр

Пәтерлерге жылу жеткілікті мөлшерде берілмеген. Амалы таусылған жұрт баспаналарын электр қондырғыларымен жылытуға мәжбүр. Салдарынан коммуналдық төлемдерге артық ақша шығындап келеді. Тіпті кейбір отбасылар есігін жауып, үйі жылы туысқандарын паналауда.

"Үй өте салқын, кішкентайларымыз қай-қайта ауырып жатыр. Ақшаның бәрі жарыққа кетіп жатыр. Ертең қыстың соңына дейін қандай болады білмеймін", дейді Шымкент қаласының тұрғыны Гүлсая Бастар.

Жылудың жеткілікті деңгейде берілмей жатқаны жылу беру маусымы басталған тұста анықталған. Алайда, ақаудың неден пайда болғаны әлі күнге дейін белгісіз. 

Мамандар дүдәмал болжамдармен ғана тұрғындарды жұбатып келеді. Ал синоптиктердің болжауынша, осы аптаның аяғына қарай ауа райы одан бетер салқындайды.

"Бұл жерде екі себеп болуы мүмкін. біріншісі электр жүйесіндегі ақаулар. Фазалар ауысып кетуі мүмкін. Теплообменниктердің қуаттылығын көбейту  керек шығар деген де жорамал бар. Қазір солармен айналысып жатырмыз", дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу