Наурыздың 10-ында ОҚО орталығы Шымкентте ірі сантехникалық гипермаркет өз жұмысын бастайды. Бұл туралы қала әкімінің шаһарға жасаған жұмыс сапары барысында айтылды, деп хабарлайды ernur.kz.
Шымкент басшысы Нұрлан Сауранбаев қаладағы құрылысы жүріп жатқан мекемелерді аралады. Қала әкімі "Болашақ" сауда кешеніне ат басын бұрды. Бұл кешеннің негізгі ерекшелігі - бағытында. Қала әкімін нысанның құрылыс жұмысымен таныстырған кешеннің басқарушысы Владимир Юдаков аталған гипермаркет еліміз бойынша ірі сауда орны болатынын атап өтті. Сонымен қатар гипермаркет басқарушысы бұл аумақта сатушылар мен сатып алушыға да барлық жағдай қарастырылғанын жеткізді. Ал өрт қауіпсіздігі тиісті деңгейде ойластырылған.
"Бірінші қабатта жөндеу жұмысына қажетті дүниелер қойылса, екінші қабатта - дизайны үшін арналған заттар тұратын болады. Бұл еліміздегі ең ірі сантехникалық гипермаркет болады", - деді Владимир Юдаков.
Айта кетейік, гипермаркеттің техинкалық ашылуы 10 наурызда өтеді, 23 наурызда ресми ашу жоспарлануда.